Жаңа басшы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген.
Дәуешов еңбек жолын 2003 жылы Орал қаласындағы Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында әртіс болып бастаған. 2009–2013 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасында сабақ берген.
2013–2019 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры қызметін атқарған. 2019–2023 жылдары Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі, одан кейін 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Тағайындалғанға дейін Дәуешов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясын басқарған. Сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар.