Экономика

Атырау облысында мемлекеттік аудит 175,6 млрд теңгеге бұзушылық анықтады

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 175 млрд теңгеден астам қаржылық бұзушылықтарды тіркеді.

25 маусым 2026 · 15:34·Оқу: 2 мин

Атырау облысында мемлекеттік аудит 175,6 млрд теңгеге бұзушылық анықтады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·25 маусым 2026

Бұзушылықтардың жалпы көлемі 82 млрд теңгеден асты. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар 93 млрд 574 млн теңгені құрады.

Камералдық бақылау барысында 9 316 мемлекеттік сатып алу процедурасы тексерілді. 1 092 сатып алуда 22 млрд 571 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Барлық жағдай бойынша 1 092 нұсқама жіберілді. Барлық нұсқамалар толық орындалды.

327 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 25,8 млн теңгені құрады, оның ішінде 23,8 млн теңге бюджетке түсті.

Пікірлер