Шара Қазақстан мен Еуропалық одақ елдерінен 100-ден астам қатысушыны біріктірді. Олардың қатарында ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің өкілдері, «ҚТЖ» басшылығы, Еуропарламент депутаттары, Еуропалық комиссия, ЕҚДБ, ЕИБ, сондай-ақ еуропалық логистикалық компаниялардың топ-менеджерлері: DHL Global Forwarding, Alstom, DB Cargo, HHLA International, RHENUS, Hellmann Worldwide Logistics, Ahlers Logistics және A.P. Moller — Maersk бар.
Қатысушылар ТМТМ өткізу қабілетін арттыру, теміржол, порт және терминал инфрақұрылымын жаңғырту, логистиканы цифрландыру және дәлізді ЕО-ның Global Gateway бастамасымен интеграциялау мәселелерін талқылады.
Конференция барысында ірі инвестициялық банктермен бірлескен инфрақұрылымдық жобалар бойынша келісімдерге қол қойылды.
Үш жылдық жоспарлар
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова шарада кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасылғанын және келісімдер қолтаңбалармен бекітілгенін атап өтті. Оның сөзінше, алдағы үш жылда Қазақстан нарығындағы еуропалық компаниялар саны артады, ал республика Еуразия мен ЕО арасындағы негізгі транзиттік-логистикалық хаб мәртебесін нығайтуды көздеп отыр.