Тауарлық газ көлемі 2025 жылы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін өседі. Бұл 2025 жылғы нақты көрсеткіштен 29,6%-ға артық.
Өсімді, соның ішінде Қашаған және Қарашағанак кен орындарындағы газ өңдеу қуаттарын іске қосу арқылы өндіруді арттыру жобалары қамтамасыз етеді.
2027 жылдан бастап қосымша көлемдер
2027 жылдан 2030 жылға дейін 1,6 млрд текше метр өсім күтіледі, 2031 жылы — 2,3 млрд текше метр, ал 2032 жылы — 6,6 млрд текше метр.
Қашаған газ өңдеу зауытындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.