Отырысқа Армения экономика министрі Геворг Папоян, Беларусь өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецов және Ресей өнеркәсіп министрі Антон Алиханов қатысты. Еуразиялық экономикалық комиссиядан Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі Гоар Барсегян қатысты.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес келетін бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру қажеттілігін атап өтті. Қатысушылар өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау тетіктерін, роботтандыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді және ортақ ақпараттық ресурстарды дамытуды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат кеңесінің сегізінші отырысының хаттамасына қол қойылды. Бұған дейін Олжас Бектенов Қазақстанның инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін «ИННОПРОМ-2026»-да таныстырған болатын.