Экономика

Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысы басталды

Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр.

2 шілде 2026 · 10:41·Оқу: 1 мин

Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысы басталды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 шілде 2026

Іс-шара аясында Presight AI компаниясы Көлік министрлігімен «ақылды» автожолдар технологияларын дамыту туралы келісім жасады.

Кулуарларда Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе компанияның елдегі инвестициялық жобаларының барысы туралы айтып берді.

KPMG EMA басқарма төрағасының кеңесшісі Олег Гощанский мемлекеттің тұрақты инвестициялық климаты мен прагматикалық саясаты шетелдік инвесторлардың сенімін арттыратынын атап өтті.

ЕБРР президенті Одиль Рено-Бассо банк Қазақстанда деректер орталықтары желісін дамытуға инвестиция салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Kazakh Invest басқарма төрағасы Султангали Кинжакулов соңғы уақытта инвесторларға берілген ең маңызды жеңілдіктер туралы айтып берді.

Пікірлер