Осы күнге дейін авиакомпания жолаушыларды шығару үшін рейстерді кесте бойынша орындайды.
Рейстері тоқтатылатын жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жерде қайтарылады. Сондай-ақ жолаушылар билеттерді кейінгі күндерге немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта броньдай алады.
Бұған дейін компания Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатқан болатын.