Құжат 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Өзгерістер қолданыстағы қағидаларды заңнамаға және IATA стандарттарына сәйкес келтіру үшін дайындалған.
Түсіндірме жазбада бастама азаматтардың өтініштерін, Бас көлік прокуратурасының және Алматы авиациялық көлік прокуратурасының ұсыныстарын, сондай-ақ Шымкент авиациялық көлік прокуратурасының наразылығын ескеретіні көрсетілген.
Жоба әуе тасымалдау шартын жасасу, билеттерді рәсімдеу және броньдау тәртібін реттейді. Жолаушылар мен әуекомпаниялардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде билеттерді қайтару шарттары бөлек нақтыланады.
Жолаушылар құқықтарын қорғауға, мүгедектігі бар адамдарға, кәмелетке толмағандарға және жүкті әйелдерге қызмет көрсетуге, сондай-ақ рейстердің кешігуі мен күшін жою кезінде қызмет көрсету тәртібіне ерекше назар аударылған.
Сонымен қатар, құжат ұлттық музыкалық аспаптарды және жануарларды ұшақ салонында тасымалдауды қамтиды.
Министрлікте бұйрықтың қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді деп санайды.