Нақтыланған мәліметтер бойынша, өрт орман қорының 45 гектарын және ашық аумақтың 1155 гектарын қамтыды.
Өртті локализациялағаннан кейін ТЖМ бөлімшелері, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, орман шаруашылығының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жеке тлеу ошақтарын сөндіруді жалғастырды.
Барлық қызметтердің бірлескен күш-жігерінің арқасында оттың таралуы тоқтатылды, елді мекендерге қауіп туындаған жоқ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінде хабарлады.