Апат нәтижесінде бес адам қаза тапты, тағы 14 адам жарақат алды. Тергеуді Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді.
Тергеу трагедияның себебі автожолдың қысқы күтімінің тиісті деңгейде болмауы екенін анықтады. Жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі мен салдар арасындағы тікелей байланыс дәлелденді.
Бұл Қазақстанда жолдың қысқы күтімі тиісті деңгейде болмауы адамдардың қаза табуы үшін қылмыстық жауапкершіліктің негізі болған алғашқы қылмыстық іс.
Сот «ҚАЖСервис» ЖШС-нің Маңғыстау облыстық филиалы ДЭУ-57 бастығын ҚР ҚК 353-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.