Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан ел бойынша 124 вокзалды реконструкциялау бағдарламасы аясында өтті.
Нысанда фасад пен ішкі үй-жайлар толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен қамту және электрмен қамту жүйелері жаңғыртылды. Жаңа жолаушылар платформасы салынды, аумақ абаттандырылды, заманауи күту аймақтары жабдықталды, навигация жақсартылды және аз қозғалатын азаматтар үшін жағдай жасалды.
Қонаев вокзалы Алматы облысының маңызды көлік торабы болып қала береді, ол өңірлер арасындағы жолаушылар қатынасын қамтамасыз етеді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, жоба қызмет көрсету сапасын арттыруға және облыстың көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік берді.
Алматы облысында бағдарлама бойынша төрт вокзал жаңғыртылуда: Қонаев, Шамалған, Жетісу және Ұзынағаштағы Қазыбек бек. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында реконструкциядан кейін екі вокзал ашылған болатын.