Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Бас көлік прокуратурасының тексерісінен кейін Көлік министрлігі электронды билет сату жүйесін жетілдіріп, ол мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде анықтайтын болды.
Қызмет КТЖ платформасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялануы арқасында іске қосылды. Енді арнайы орындарға билеттерді рәсімдеу қосымша процедураларсыз онлайн режимінде жүзеге асырылады.