Мемлекет басшысы медицина саласының дамуына үнемі назар аударылып отырғанын атап өтті. Соңғы жылдары бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылды.
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы өткен жылы 76 жасқа жақындады. Ана өлімі үш жыл ішінде 35 пайызға, ал нәресте өлімі 24 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіштер тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі деңгейге жетті.
Соңғы жеті жылда ел бойынша шамамен 1300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Медициналық сақтандыру саласы да заманауи талаптарды ескере отырып жаңғыртылды.