Өзгерістер бірнеше көрсеткіштерге әсер етті. Несие бойынша мерзімі өткен қарыздың болуы критерийлердің бірі болып қалады. 90 күннен астам мерзімі өтпеген жағдайда отбасы 0 балл алады. Егер отбасының бір кәмелетке толған мүшесінде қарыз болса, жалпы көрсеткіштен 250 балл шегеріледі, ал егер барлық кәмелетке толған мүшелерінде болса — 500 балл шегеріледі.
Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі де жаңаша бағаланады. Тұрғын үйдің болмауы минус 200 балл береді. Бір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден аз тисе, минус 80 балл есептеледі. Бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы санына байланысты 100-ден 2000-ға дейін қосымша балл әкеледі.
Жеке қосалқы шаруашылық критерийі де нақтыланды. Оның бағалау құнына байланысты отбасына 50-ден 600-ге дейін балл қосылуы мүмкін.
Әдістеме азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау жүйесінде қолданылады. Бұйрық 2026 жылғы 4 шілдеде күшіне енеді.