Жұмыстар Біржан сал көшесіндегі учаскеде жүргізілуде. Жаңартылатын учаскенің жалпы ұзындығы — 1,06 км. Қазіргі уақытта 680 метр ескі құбырлар демонтаж жасалды, 591 метр жоғарғы лотоктар монтаждалды және 580 метр жаңа құбыр желісі төселді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының прогресі 41%-ға жетті. Нысанда тәулік бойы 50-ден астам маман жұмыс істейді. Сапаға үшжақты бақылау орнатылған.
Жаңа желі іске қосылғаннан кейін 54 көпқабатты үй — бұл 2376 пәтер, сондай-ақ 114 жеке сектор үйі, 6 әлеуметтік нысан және 15 кәсіпорын жылу алады.
«Талдыкоргантеплосервис» КМК 2026–2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны параллель жаңартуда. Құжат 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Барлық жұмыстар мен магистральді іске қосу 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін — жылыту маусымының басталуына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.