Осы аудандардың тұрғындары өзендер мен көлдердің жағалауларынан қоқыстарды жинап, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға әкетті.
Сайрам ауданында 200-ден астам адам және екі бірлік техника Ақсу өзенінің 4,6 шақырым жағалауын тазартты. Олар 2,2 тонна тұрмыстық қалдық жинап, оны арнайы полигонға әкетті.
Акцияға қатысушылар жергілікті тұрғындарды табиғат аясында демалған соң қоқыс қалдырмауға шақырды.
— Қоршаған ортаны қорғау — әрқайсымыздың болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз. Жазғы кезеңде табиғат аясында демалған соң міндетті түрде қоқысты жинап, демалыс орындарын таза қалдыруға шақырамыз, — деді Сайрам ауданының тұрғыны Бақытжан Тажиханов.
Түркістан облысы әкімдігінде мұндай іс-шаралар жалғасатынын хабарлады. Жазғы маусымда өңірдің су қоймаларында үнемі тексеру және тазалықты сақтау жұмыстары жүргізіледі.