73 кг-ға дейінгі салмақ категориясында Мади Жеткерген және 100 кг-дан жоғары категорияда Санжар Жаббаров алтын медальдар алды.
Күміс жүлдегерлер: 66 кг-ға дейін Мейирбек Байзаков және 52 кг-ға дейін Айшабиби Мурадимова.
Қола медальдарды 60 кг-ға дейін Асылхан Зинуллин, 66 кг-ға дейін Нұрсұлтан Зайзағалиев, 100 кг-дан жоғары Мади Еділбаев және 48 кг-ға дейін Аяна Дүйсенбай жеңіп алды.
Командалық есепте Қазақстан үшінші орынды иеленді. Бірінші орын Оңтүстік Корея құрамасына, екінші — Жапонияға тиесілі.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Прагадағы жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс медаль жеңіп алған.