Спорт

«Окси» санаторийі

«Окси-Сарыағаш» санаторийі Оңтүстік Қазақстан облысында, Сарыағаш курорттық аймағында, Шымкент қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Окси-Сарыағаш — жаңа…

1 қыркүйек 2014 · 13:53·Оқу: 3 мин

«Окси» санаторийі
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 қыркүйек 2014

«Окси-Сарыағаш» санаторийі Оңтүстік Қазақстан облысында, Сарыағаш курорттық аймағында, Шымкент қаласынан 130 км жерде орналасқан. Окси-Сарыағаш — жаңа емдеу-сауықтыру санаторийі. Сіз төрт жұлдызды қонақүй жағдайында тұра аласыз, кешеннің инфрақұрылымы демалушыларға жаттығу залын, балалар ойнайтын бөлмені, сауна, бассейн және тағы басқаларын ұсынады. Санаторий заманауи медициналық жабдықпен жарақтандырылған. Денсаулығыңызды «Сарыағаш» бұлағының минералды суымен түзей аласыз. «Сарыағаш» минералды бұлақтары
1949 жылы мұнай іздеу кезінде ашылған, ұңғыма 1100 метр тереңдікке бұрғыланып, одан минералды судың ыстық бұлағы атқылаған. Бұл — курорттық аймақтағы көптеген санаторийлердің бірі, мұнда люкс, суперлюкс, жартылай люкс, стандартты және эконом класты 60 нөмір бар. Әр нөмірде плазмалық теледидар, спутниктік ТД бар. Тамақтану мейрамханада төрт мезгіл.

Пікірлер