Қазақстанның көркем жерлері өзінің сұлулығымен әлемдік атағы бар орындардан кем түспейді. Оның солтүстік бөлігінде Қазақстанның ең әсем жерлерінің бірі — Бурабай орналасқан. Атаудың өзі-ақ бұл жерлерде қылқан жапырақты орман өсетінін айтып тұр. Бірақ
қылқан жапырақты орманның пайдалы ауасы — Қазақстанның осы әсем жерлеріне көптеген туристерді тартатын жалғыз нәрсе емес. Қылқан жапырақты орманмен қоршалған, тауларда орналасқан көркем көлдер — Қазақстанның нағыз байлығы. Жергілікті тұрғындар Бурабайды «жергілікті Швейцария» деп атайды.
Бұл өлкенің табиғаты сонша таңғажайып, орманда сағаттап серуендеп, шаршауды сезбеуге болады. Орман бойынша серуен қызықты болуы мүмкін, өйткені мұнда саңырауқұлақ пен жидек көп. Ал жергілікті санаторийлер мен демалыс үйлері өздерінің емдік бұлақтарымен және емдік балшықтарымен әйгілі.
Шығыс Қазақстан Қазақстандағы ең әсем жер деп әділ саналады. Тау Алтайы әрқашан көптеген туристерді тартқан. Бұл — тастақ таулардан бастап мәңгі қармен жабылған жартасты қырқаларға дейінгі таңғажайып табиғи қарама-қайшылықтарға толы ерекше әсем өлке. Қазақстан мен Ресей шекарасында
Алтайдың ең биік шыңы — Белуха тауы орналасқан. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны деп тауларда биікте орналасқан Марқакөл көлі саналады. Көл өте әсем, күн ашық күні қанық ашық көк немесе көгілдір түсте болады, бірақ күн болмаған кезде ол өзінің түсін танымастай өзгертіп, іс жүзінде қап-қара болады.
Шығыс Қазақстанда болу — Қазақстанның көркем жерлерімен сүйсіну, Қазақ даласының сұлулығын көру, Алтайдың таулы ауасын жұту және жергілікті өзендер мен көлдердің сиқырлы сұлулығын тамашалау деген сөз.
Қазақстанның батысында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізі — Еуропа мен Азияның арасында орналасқан әлемдегі ең ірі тұйық су айдыны. Жыл сайын мыңдаған турист Каспий теңізінің жағасында демалу үшін келеді. Каспий жағалауы өзінің құмды жағажайларымен демалуға өте ыңғайлы, ал минералды су мен емдік балшықтың болуы емделуге қолайлы. Ақтау қаласынан 210 шақырым жерде Қазақстанның көркем жерлерінің бірінде «Кендірлі» курорты орналасқан. Кендірлі курорты —
өзінің сұлулығы мен жайлылығы жағынан әлемдік курорттардан кем түспейтін заманауи сәулет кешені. Қазақстанда және республиканың оңтүстігінде көркем әрі әсем жерлер көп. Атақты «Медеу» мұз айдыны Іле Алатауының тауларында орналасқан, ал таулардың етегінде көптеген көрікті жерлері бар Қазақстанның оңтүстік астанасы орналасқан. Оңтүстік астана көк жасылға көміліп тұр десе де болады. Оңтүстік Қазақстанның ең әсем жерлерінің бірі — теңіз деңгейінен 1800-2700 метр биіктікте, Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан Көлсай көлдері. Туризм әуесқойлары Қазақстаннан Қырғызстанға Көлсай көлдері арқылы Ыстықкөл көліне саяхаттау үшін оларды таңдайды. Қазақстанда саяхатшыларды баурайтын тағы да көптеген көркем әрі әсем жерлер бар, бірақ олар туралы келесі жолы.