Қазақстанда демалыс пен туризмге арналған көркем жерлер көп, бұл орайда Қазақстан бірегей табиғи әлеуетке ие. Бүгінде Қазақстандағы туризм
басым бағыт болып табылады және Қазақстан туристік сала әлемдік туризм нарығында жоғары тиімді әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді.
Бурабай табиғаты — Қазақстанның нағыз қазынасы. Айрықша пішінді таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер — мұның бәрі Қазақстанда демалу мен емделуді танымал ететін таңғажайып климаттық жағдайларға ықпал етеді. Қылқан жапырақты орман емдік қасиетке ие, ал көптеген көлдер Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына жақсы орын болды; жалпы Қазақстанда 100-ден астам су емдеу мекемесі бар.
Осы таңғажайып өлкеде көптеген демалыс үйлері, санаторийлер мен пансионаттар орналасқан.
«Жұмбақтас» пансионаты көркем жерде, Щучье көлінің жағасында орналасқан. Пансионат көптеген аурулардың, оның ішінде жүрек-қантамыр, тыныс алу мүшелерінің, тірек-
қимыл жүйесінің ауруларын емдеуге маманданған. «Жұмбақтас» — Бурабайдың тамаша шипажайы, мұнда сіз Қазақстанда емделіп, денсаулығыңызды түзей аласыз. Пансионат 4 күннен артық демалып, емделуді ұйғарғандарға жеңілдіктер жүйесін ұсынады. Пансионатта демалысыңыз белсенді болуы үшін бәрі бар. Тамақтануға дәрумендік дастархан кіреді, мұнда сізге пайдасы баяғыдан белгілі шұбат немесе қымыз ұсынылады.
«Оқ-Жетпес» санаторийі өзінің орналасқан жерімен таңғалдыруы мүмкін: ол атақты Көкшетау (Синюха) тауының етегінде, көркем Әулиекөл (Бурабай) көлінің жағасында, Оқжетпес пен Жұмбақтас жартастарынан 300 метр жерде орналасқан. Сізді сауықтыру денсаулық сақтау жүйесінің нағыз кәсіби мамандары күтеді. Санаторийдің неміс ТЮФ СЕРТ компаниясының «Санаторий-курорттық қызмет көрсету және емдік-оңалту медициналық көмек көрсету» сертификаты бар. Санаторий жыл бойы жұмыс істейді, мұнда сіз мынадай аурулар бойынша ем ала аласыз: тыныс алу мүшелері, жүрек-қантамыр жүйесі, гинекологиялық аурулар, тірек-қимыл аппараты және басқалары. Қазақстанда «Оқ-Жетпес» санаторийінде емделу үшін Балпаш-сор көлінің балшығы, сондай-ақ «Май Балық» минералды суы пайдаланылады.