Тергеу нұсқасы бойынша, 2020 жылы күдікті азаматтардың ақшасын инвестициялық бағдарламаларға қатысудан жоғары табыс уәде етіп жинаған. Компания лицензиясыз және нақты инвестицияларсыз жұмыс істеген.
Қаражат бухгалтерлік құжаттарсыз қолма-қол қабылданған. Салымшыларға сайтта жеке кабинеттер жасалып, онда жалған пайда көрсетілген. Ақша пирамида схемасы бойынша бөлінген: ескі қатысушыларға төлемдер жаңа қатысушылардың есебінен жүргізілген. Адамдарды тарту үшін презентациялар өткізіліп, БАӘ және Түркияға сапарлар ұйымдастырылған.
Схема ерте кезеңде тоқтатылған. 2024 жылы күдікті халықаралық іздеуге жарияланған, ал сот сырттай оған қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған. 2026 жылдың қаңтарында ол Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған. Күдіктінің жер учаскесіне тыйым салынған.
Жыл басынан агенттік 15 қаржы пирамидасын жойды. Ұйымдастырушылардың мүлкіне 662 млн теңге сомасына тыйым салынған. Әлеуметтік желілердегі 22 чат және заңсыз контент белгілері бар 1,1 мың сайт бұғатталған.