ҚР заңнамасына сәйкес ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер және кәсіби мерекелер атап өтіледі. Осы мерекелердің күндері ресми демалыс күндері деп танылады.
Ұлттық мерекелер - қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына ықпал еткен, тарихи маңызы бар оқиғаларға байланысты мерекелер.
Қазақстандықтар үшін ең маңызды мереке — Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. Бұл мереке 16 желтоқсанда атап өтіледі.
Мемлекеттік мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар мерекелер. Мереке ресми іс-шаралар өткізумен сүйемелденеді әрі қазақстандықтар үшін демалыс болып табылады.
- 1 қаңтар - Жаңа жыл.
- 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні.
- 22 наурыз - Наурыз мейрамы
- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
- 7 мамыр - Отан қорғаушы күні
- 9 мамыр - Жеңіс күні
- 6 шілде - Астана күні
- 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Кәсіби мерекелер - мемлекеттік мереке мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мереке.
- 12 сәуір - ғылым қызметкері күні
- 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні
- 4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері күні
- 5 МАУСЫМ - ЭКОЛОГ КҮНІ
- 23 МАУСЫМ - ПОЛИЦИЯ КҮНІ
- 18 ТАМЫЗ - ШЕКАРАШЫ КҮНІ
- 1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
- 13 ҚЫРКҮЙЕК - ПРОГРАММИСТ КҮНІ
- 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫ КҮНІ
- 8 ҚАРАША - СТАТИСТИК КҮНІ
- 6 ЖЕЛТОҚСАН - ПРОКУРАТУРА КҮНІ