Қаражат Ж. Жабаев, А. Шашимбаев, Новая және И. Алтынсарин көшелеріндегі жылу желісінің жаңа учаскелерін салуға бағытталады. 2026 жылы 1,4 км ескі құбырларды бұзып, жаңаларын төсеу жоспарлануда. Бұған дейін 2025 жылы 0,7 км-і қайта жаңартылған.
Құрылыс аяқталғаннан кейін ұзындығы 2 км-ден асатын барлық магистраль жөнделеді. Магистраль 80%-дан астам тозған. 30 мыңнан астам тұрғын — шамамен 200 көпқабатты үй мен әлеуметтік сала нысандары сенімді жылумен қамтамасыз етіледі.
Үкімет жылыту маусымына дайындықты бақылауда. 2025 жылдан бастап электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбина жөнделді. 17 мың км электр желілері жаңартылды, 420 қосалқы станция модернизацияланды және ең тозған 323 км жылу желілері ауыстырылды. Электр станциялары жабдықтарының тозуы 53%-ға, жылу желілерінің тозуы 50%-ға дейін төмендеді.